2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 12 194 149 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 4 351 386 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 72 770 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 493 375 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 7 276 618 мың теңге; 2) шығындар – 11 710 774 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттер – 116 340 мың теңге: бюджеттік кредиттер – 156 213 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 39 873 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 367 035 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – – 367 035 мың теңге: қарыздар түсімдері – 156 213 мың теңге; қарыздарды өтеу – 523 248 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары – 0 мың теңге. 2. Аудандық бюджет түсімдерінің құрамында 2022 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін. 3. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялардың мөлшері 928 592 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде: Абай қаласына – 369 558 мың теңге; Топар кентіне – 44 171 мың теңге; Қарабас кентіне – 50 483 мың теңге; Южный кентіне – 35 981 мың теңге; Дубовка ауылдық округіне – 50 673 мың теңге; Ақбастау ауылдық округіне – 31 568 мың теңге; Есенгелді ауылдық округіне – 43 010 мың теңге; Қарағанды ауылдық округіне – 45 257 мың теңге; Көксу ауылдық округіне – 48 308 мың теңге; Курмин ауылдық округіне – 27 969 мың теңге; Құлаайғыр ауылдық округіне – 35 798 мың теңге; Мичурин ауылдық округіне – 43 016 мың теңге; Самарка ауылдық округіне – 25 950 мың теңге; Сәрепті ауылына – 34 470 мың теңге; Юбилейное ауылына – 42 380 мың теңге. 4. Аудандық бюджет шығыстарының құрамында 2022 жылға арналған аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес ескерілсін. Аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін көрсетілген нысаналы трансферттер сомаларын бөлу Абай ауданы әкімдігі қаулысының негізінде анықталады. 5. Абай ауданы әкімдігінің 2022 жылға арналған резерві 10 000 мың теңге сомасында бекітілсін. 6. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ облысының/қаласының Әділет департаменті Нормативтік құқықтық акті 24.12.2021 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 25987 болып енгізілді Результаты согласования Абайский районный маслихат - Руководитель отдела ГУ Руфина Галимзяновна Фазлутдинова, 23.12.2021 17:15:27, положительный результат проверки ЭЦП Абайский районный маслихат - Секретарь Абайского районного маслихата Данияр Мергалиевич Сакенов, 23.12.2021 17:17:12, положительный результат проверки ЭЦП
Дата публикации
24 декабря 2021