Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 73/762 "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 73/762 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Абай аудандық маслихаты ШЕШТІ: 1. Абай аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 73/762 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21958 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «1. 2021–2023 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 11 759 793 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 3 699 448 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 67 691 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 005 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 7 967 649 мың теңге; 2) шығындар – 12 567 234 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттер – 44 136 мың теңге: бюджеттік кредиттер – 78 759 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 623 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 851 577 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 851 577 мың теңге: қарыздар түсімдері – 78 759 мың теңге; қарыздарды өтеу – 34 623 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары – 807 441 мың теңге.»; көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; 5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «5. Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылға арналған резерві 65 352 мың теңге сомасында бекітілсін.». 2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы А. Абдиева Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ облысының/қаласының Әділет департаменті Нормативтік құқықтық акті 16.07.2021 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 23563 болып енгізілді Результаты согласования Абайский районный маслихат - Руководитель отдела ГУ Руфина Галимзяновна Фазлутдинова, 08.07.2021 11:37:08, положительный результат проверки ЭЦП Абайский районный маслихат - Секретарь Абайского районного маслихата Данияр Мергалиевич Сакенов, 08.07.2021 11:39:02, положительный результат проверки ЭЦП Абайский районный маслихат - депутат Адема Кыдыровна Абдиева, 08.07.2021 11:40:16, положительный результат проверки ЭЦП Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 15.07.2021 11:27:27, положительный результат проверки ЭЦП
Дата публикации
16 июля 2021