Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі электронды қызметтерді іске қосты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі электронды қызметтерді іске қосты

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық шаруашылықтың субъектілері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы» және Балық шаруашылықтары қауымдастығымен бірлесіп, eGov порталында бекітілген лимиттер негізінде аңшылар лицензиясын беру және жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу бойынша қызметтерді іске қосты.

Сондай-ақ Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзетілетін аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттіліктеріне рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру қызметі іске қосылуда.

Енді азаматтардың үйден шықпай-ақ аталған қызметтерді онлайн режиміне алуға мүмкіндігі бар, ол уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, автоматтандыру электронды формада көрсетілген қызметтің көлемін шамамен 83,4% ұлғайтады деп күтіліп отыр.