Стихиялық қоқыстарды жою

Стихиялық қоқыстарды жою

10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесі туралы айта келіп, заңсыз қоқыс орындарының проблемасына ерекше назар аударды. Мәселен, жыл сайын Қазақстанда 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% қана. Осы орайда Экология министрлігі заңсыз қоқыстарды жою жұмыстары жүргізіп келеді. Нәтижесінде бүгінде  7,6 мың заңсыз қоқыстың 5 мыңнан астамы жойылды. Жабайы қоқыс полигондарын анықтауға министрліктің министрлігінің стихиялық үйінділер бойынша жедел желісі септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтар +77759524900 нөміріне заңсыз қоқыс орындары туралы деректерді жолдай алады. Ал министрлік ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайды.