
Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев бейнеконференцбайланыс режимінде Министрліктің, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады.
Министр өзінің кіріспе сөзінде Конституция біздің еліміздің басты заңы болып табылатынын, оның үстемдік пен негіз қалаушы рөлге ие, уақыт сынынан өткен және мемлекеттің, қоғамның, адам мен азаматтың тіршілік әрекеті, өзара іс-қимылы үшін негіз құратынын атап өтті.
Іс-шара барысында М.Мырзағалиев Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірқатар қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында Министрліктің Жауапты хатшысы С. Нұрлыбай, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрлері Е. Нысанбаев, С. Громов, А. Пірімқұлов, С. Брекешев, комитеттер төрағалары З. Жолдасов, Т. Сатиев, Н. Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры А.Қасенов, геология саласының еңбек сіңірген қызметкері А. Надырбаев және т.б. бар.
«Құрметті әріптестер, бүгін Конституцияның 25 жылдығына орайластырылған мерекелік медальдарды күн сайын біздің саланың дамуына, яғни мемлекетіміздің дамуына белгілі бір үлес қосып жүрген адамдар алды. Бізбен бірге, құрметті демалысқа шығу кезінде де, құрметті ардагерлеріміздің ел игілігі үшін еңбек етіп жүргені де қуанышты. Қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қатынастың жылдан жылға осындай лайықты мысалы бізде көбірек болса, марапат әрқашан өз батырын табады! Рахмет сіздерге құрметті әріптестер!», - деп түйіндеді Министр.