Таза Қазақстан: Балқаш қаласына рейд

Таза Қазақстан: Балқаш қаласына рейд

Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар Балқаш қаласында "Самал", "Жемчужина", "Нұрбахыт", "Барковское" демалыс аймақтары бойынша және Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасының су қорғау аймағы бойынша өтті. Аталған іс-шараға Жезқазған ҚП табиғат қорғау полициясы, "Жезқазған қ. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ, Жезқазған аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Арнайы мониторингтік топ, сондай-ақ Балқаш қ. ЖПБ қызметкерлері, "Балқаш қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ТКШ" бөлімі БАҚ және "Balkhash Jastary" еріктілерін тарта отырып қатысты.

Осыған ұқсас іс-шаралар кестеге сәйкес тамыздың соңына дейін жүргізілетін болады, оның шеңберінде Самарқанд, Федоров, Қара-Кеңгір су қоймаларының, Балқаш көлінің және Қарқаралы ұлттық паркінің су қорғау аймақтарына рейдтер жүргізу жоспарланып отыр.