Экология министрлігі қазақстандық зооқорғаушылардың дельфинарийлерді жабу туралы үндеуін қарастырады

Экология министрлігі қазақстандық зооқорғаушылардың дельфинарийлерді жабу туралы үндеуін қарастырады

Дельфинді қорғаушылардың дельфинарийлердегі жағдай туралы алаңдаушылығын түсіне отырып, Экология министрлігі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы аясында дельфинарийлерді жабу туралы мәселені қарастыруға дайын. Әрине, бұл мәселе бір күндік емес және оны қарау үшін сарапшылардың қатысуымен белгілі бір уақыт, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерттеу қажет болады.

Гуманизм принципі аталған заң жобасында негіз болып қаланады.

Өз кезегінде Министрлік өтініш иелеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен жануарларға адамгершілік көзқарасы үшін алғыс білдіреді.