
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
"БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Өз репортаж, мақалаларыңыз арқылы сіздер билік пен қоғам арасындағы диалогқа жол ашып, ең бір өткір де өзекті тақырыптардың талқылануына ұйытқы боласыздар.
Білікті қызметтеріңіз бен шынайы ақпараттарыңыз үшін, азаматтық белсенді әрекеттеріңіз үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter- дегі парақшасында. Министр БАҚ өкілдеріне"шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, мол жақсылықтар мен ізгі мақсат тіледі".
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтырдан бері Қазақстанда 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп жарияланған болатын.