
Ағымдағы жылдың 11 тамызында Экология, геология және табиғат ресурстар министрі М.Мырзағалиев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеновпен және «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – Адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің басшысы А.Соловьевамен бірлесіп, Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің басшылары мен қызметкерлерінің, сонымен қатар аумақтық экологиялық департаменттер мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялар қызметкерлерінің қатысуымен экология, геология және табиғат ресурстар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бірлескен селекторлық кеңес өткізді.
Кеңесте, Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің есебі, сонымен қатар Министрліктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесімен бірлесіп сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалу барысы тыңдалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеновтың тарапынан аумақтық экологиялық, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі органдарының рұқсат беру және тексеру бақылау функцияларын орындау әрекеттері барысындағы ахуалды сұрақтар аталып, тергеушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың себеп салдарын жою жайлы ұсыныстарын ұжым болып қарауды ескертіп, жігн қажет болған жағдайда, Агенттік, өз тарапынан ықпал жасауға дайын екендігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің басқа да жолдары қарастырылып, сонымен қатар Министірліктің және оның аумақтық органдарының есеп беру міндеттілігі барысында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Министрлік тарапынан талдау жүргізіліп, құқықтық қолдану әдістемелік ұсыныстар, оның ішінде әкімшілік істерді жүргізу тәжирибесін жетілдіру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жайлы ұсыныстар енгізілді.
Министрлік тарапынан заңдылықты сақтауға және өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бағытында шаралар қарастырылуда, осы бағытта «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – Адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің жұмысы ұйымдастырылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы іске асырылуда, Министрліктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы бекітіліп, онда заңдылықты жетілдіруге, мемлекеттік қызмет көрсетудегі автоматтандыруға және стандарттарға тұрақты іс шараларды орындауға жауапты бөлімшелер бекітілді, тексеру объектілеріне бару арқылы мемлекеттік қадағалау жүргізу барысында, тексеру обьектілермен тікелей байланысқа түсіп жанжал мүдделерін болдырмаудың жолдары қарастырылуда. Министрліктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ұсынылды.
Бюджетті игеру және бос лауазымдарға тағайындаулар және мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу барысында, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің бақылау тобының қызметкерлері қадағалаушылар ретінде қатыстырылуда.
Кеңес қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғат ресурстары министрі М.Мырзағалиев ведомство басшыларына 10 күн ішінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және оның орындалуына формалды түрде қарамауды, сонымен қатар «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің және оның аумақтық филиалдарының азаматтарымен өз ара әрекеттесу жұмысын күшейтуді тапсырды.
Министр М.Мырзағалиев өз сөзін қорытындылай келіп, Министрліктің Сыбайлас жемқорлыққа төзгісіз екендігін айта келіп, бұл бағытта Министрлік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жақын ынтымақтастықта болып, болашақта жемқорлықты жоюда тиімді шаралар қабылдайтынын нықтап айтты.