
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Ә. Брекешев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
Сапар барысында вице-министр «Шығыс Қазақстан облысының минералдық-шикізат базасының жағдайы мен болашағы» тақырыбында ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінде кеңес өткізді.
Кеңесте геология саласының инвестициялық тартымдылығын жақсарту және Шығыс Қазақстан облысының минералдық-шикізат базасын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сапар аясында вице-министр «Қазмырыш» ЖШС, «Бақыршық ГД» ЖШС мыс балқыту зауытына және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нысанына (ГГИН) барды.