
Бүгін Экология министрлігінде бейне байланыс режимінде «Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы» тақырыбында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.А. Брекешевтің төрағалығымен кеңес өтті.
Кеңеске Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.К. Байханов, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, ғалымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар және геологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Вице-министр С.А. Брекешев Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толтыру мәселелері және Қазақстандағы геологиялық саланы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ҰҒА корреспондент мүшесі, «Қ.И. Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институты» зертханасының меңгерушісі Э.Ю. Сейтмуратова сөз сөйлеп, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің мыс және алтын құрамы және олардың өнеркәсіптік болашағы туралы баяндама жасады.
«Қазгеология «ҰГК» АҚ, «Каzakhmys Barlau» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Азимут геология» ЖШС, «Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС, сонымен қатар ғылыми ұйымдарының өкілдері Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы туралы және геологиялық барлау кәсіпорындарының жұмыс берушілермен өзара әрекеттестік негізінде мамандарды даярлау сапасын арттыруы туралы баяндама жасады.
Кеңес барысында геологиялық саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар талқыланып және геологиялық барлауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар айтылды.
Соңғы жылдары минераллды-шикізат базасын толықтыру үшін ірі қала құрушы кәсіпорындар, мәселен «Қазақмыс Корпарация» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС және т,б. өз инвестицияларын салып жатыр.
Геоогиялық барлау жұмыстарының қарқыны инвесторларды тартуға жаңа серпін береді, бұл өз кезегінде жаңа кен орындарын ашуға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.