
2024 жылдың 30 сәуір күні Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін абаттандыру шарасына қатысты. Іс-шара Президенттік саябақта өтті.
Министрлік биологиялық әртүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі және жердің тұрақтылығы бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға міндеттеледі және де қоршаған ортаны сақтауда Азия халықтарының бірігуін білдіретін, астананы көгалдандыру бойынша игі шараны ұйымдастып, қатысуда.
Қазіргі уақытта, Аллеяда 100 ағаш отырғызылды, олардың сакура мен сиверс алма ағашы бар. 2022 және 2023 жылдары Аллеяны абаттандыру бойынша науқан өтті.
Орман алқаптарының ауданын ұлғайту, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама аясында мемлекеттік орман қорына 2 млрд көшет, елді мекендер мен қалаларға 15 млн көшет отырғызылады.
Құнды және бірегей болып табылатын сиверс алмасы және сакура ағаштарының көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұл алмалардың барлық мәдени сорттарын тудырған алма ағашы болып табылады.