ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Министрлік өкілдері және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысы барысында бюджет және жоспарлау жөніндегі комиссия құру мәселелері талқыланды, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған Даму жоспары мен бюджеттік өтінімінің жобалары  Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды.

Кездесу барысында қатысушылар бюджет және жоспарлау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, сондай-ақ Комиссия төрағасын сайлады.

Қоғамдық кеңесте экологиядағы кадр тапшылығын шешу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тұрақты туризмді дамыту, сондай-ақ экологиялық саясат және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай жүйесі саласындағы ұсыныстар айтылды.

Өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыттарын салу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңестің көптеген мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасу және кең пікірталас өткізілді.