
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев Метан бойынша жаһандық форум аясында БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында Д. Марьясин БҰҰ ЕЭК-тің миссиясы мен құрылымына тоқталды.
Ол БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат пен тұрақты энергетика саласында елдерге көмек көрсететін және осы салаларда Қазақстанның теңдестірілген серіктесі екенін атап өтті.
Өз кезегінде вице-министр Ж. Алиев Қазақстандағы эколоиялық тұрақтылық үшін атқарылып жатқан жұмысқа қысқаша шолу жасады. Негізгі қабылданған шаралар ретінде Қазақстандағы жаңа Экология кодексі, ең үздік қол жетімді техникалар (ЕҚТ) анықтамалықтарын бекіту, сондай-ақ цифрлық және жасыл трансформация шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар аталды.
Екі жақты кездесуді аяқтау барысында тараптар арадағы ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.