
Коммуналдық қалдықтарды орналастыру орындарының (ҚТҚ полигондары) жай-күйіне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтармен тиімді жұмыс істеу туралы» баяндамасы аясында тоқталды.
2023 жылы қалдықтарды көму объектілері (ҚТҚ полигондары) бойынша 29 тексеру жүргізілді, шамамен 10 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Жоспардан тыс тексерулерге, негізінен, тұрғындардың шағымдары себеп болды. Осылайша, тексеру барысында экологиялық заңнаманы бұзу, атап айтқанда қалдықтарды арнайы белгіленген орындардан тыс жерде орналастыру, өндірістік нормативтен тыс төгінділер мен ластаушы заттардың шығарындылары, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламалардың болмағаны анықталды.
Үкімет өткен жылы қалдықтарды тұрақты орналастырудың 100 жаңа орнын салуды, жұмыс істеп тұрған 8 полигонның қуатын кеңейтуді (Түркістан облысында 7 полигон және Астанада 1 полигон) және 5 полигонды (Щучинск, Атырау, Қонаев, Семей, Петропавл қалалары) рекультивациялауды қамтитын қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарымен жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Осы жоспар шеңберінде ресімделген жер учаскелері бар, бірақ Экология және денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін 2 мыңға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына (негізінен ауылдық елді мекендерде орналасқан) қойылатын талаптарды жеңілдету жоспарлануда. Бүгінгі таңда әкімдіктермен бірлесіп жеңілдетілген талаптар (қоршау, таразы жабдығы, су қорғау және санитарлық қорғау аймағы, дозиметриялық бақылау, дезинфекциялық ванна және т.б.) әзірленді және орталық мемлекеттік органдармен (Өнеркәсіп және құрылыс, денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрлігі) талқылануда.
Республика бойынша ресімделген жер учаскелері бар, бірақ ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін 2000-нан астам ҚТҚ полигондары бар-тарату қоры, фильтрат пен қоқыс газын жинауға және бұруға арналған жүйелер, қоршаулар, салмақ жабдықтары, дезинфекциялық ванна, полигонның жұмыс жобасы, ҚОӘБ жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жоқ.
Ел бойынша ешқандай құжаттамасыз 400-ге жуық қоқыс үйіндісі жұмыс істейді, тіпті жер учаскесіне акт жоқ (негізінен 1000 адамнан аспайтын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде), бұл аумақтарды санитарлық тазарту аясында оларды жабуды талап етеді.
ҚТҚ полигондарын заңдастыруға бюджет қаражатын үнемдеу үшін қолданыстағы ҚТҚ полигондарына қойылатын талаптарды бір реттік/біржолғы оңайлату тетігі, атап айтқанда ұсынылған заңдастыруға жататын ҚТҚ полигондарына критерийлерді және қолданыстағы ҚТҚ полигондарына қойылатын ең төменгі талаптарды (қоршау, таразы жабдығы, су қорғау және санитарлық қорғау аймағы, дозиметриялық бақылау, дезинфекциялық ванна және т. б.) белгілеу қаралады).
Бұл тетік әкімдіктерге ең алдымен бюджет қаражатын үнемдеуге және оларды коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларға (қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу) бағыттауға, қатты тұрмыстық қалдықтардың қолданыстағы полигондарын заңдастыруға, аумақтардың ағымдағы санитарлық жағдайын жақсартуға (атап айтқанда, қалдықтарды санкциясыз жинау және қалдықтардың өртенуі фактілері барынша азайтылатын болады) мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, министрліктер (Экология және табиғи ресурстар және өнеркәсіп және құрылыс министрліктері) тарапынан бюджеттен шығыстарды қысқарту және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу процесін жеделдету үшін нормативтік құқықтық акт қабылданды, оған сәйкес құрылыс 50 000 тұрғыны бар елді мекендер үшін техникалық экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеусіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Бүгінгі таңда мемлекеттік банкте қайта пайдалануға дайын әртүрлі қуаттылықтағы ҚТҚ полигондарының 18 жобасы бар (банкте қайта пайдалануға дайын барлығы 463 құрылыс жобасы бар).