
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында NDC Partnership қолдауымен ҰДАҮ серіктестігінің үйлестіру кездесуі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолданыстағы ҰДАҮ мақсаттарына қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шараларға қысқаша шолу жасап, жаңартылған ҰДАҮ әзірлеу қажеттілігі туралы атап өтті.
Кездесц барысында мемлекеттік органдардың (атап айтқанда, Қазақстан Республикасының энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері) өкілдері климаттық күн тәртібін ескере отырып, ҰДАҮ шеңберіндегі секторлық басымдықтарға шолу жасады.
Сонымен қатар, отандық және халықаралық ұйымдардың өкілдері пікірталасқа белсенді қатысып, ағымдағы және жоспарланған Климаттық жобалар туралы айтып берді.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев бұл құжат тек экология Министрлігінің құжаты ғана емес, ҰДАҮ – бірінші кезекте елдік құжат болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты ол барлық мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша NDC Partnership өкілдері Қазақстан экономикасының келесі ҰДАҮ-ні әзірлеуге имплементацияланатын секторларына қажеттіліктерді қарастыратын болады.