Экология министрі М. Мырзағалиев пен Нидерланды Корольдігінің Елшісі екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Экология министрі М. Мырзағалиев пен Нидерланды Корольдігінің Елшісі екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында М.Мырзағалиев Андре Карстенс мырзамен трансшекаралық өзендер, ішкі су қорлары, геология, сондай-ақ "Waste to energy" қоқыстарды өңдеу бойынша тетіктерді әзірлеу саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Су ресурстарын басқару жөніндегі Нидерландының озық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан тарапы өзбек тарапымен келісім бойынша Сардоба су қоймасы және ҚР Оңтүстік өңірлерін су басу мәселелері бойынша Қазақстан тарапына сараптамалық және техникалық көмек көрсету туралы Нидерланд тарапының бастамасын қолдады.

Сонымен қатар, "Dutch Risk Reduction Team" Нидерландының су ресурстарын басқару агенттігімен Батыс Қазақстан облысының су қоймалары мәселелері бойынша техникалық және сараптамалық көмек көрсету, жерді суландыру, Жайық өзенін сұйылуы, сондай-ақ су мен топырақтың ластануы мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының су ресурстарын рационалды әрі кешенді пайдалануға қол жеткізу бөлігінде мақсаттар мен міндеттердің тиімділігін бағалау үшін Нидерланд сарапшыларын тарту  туралы келісімге келді.

Қазақстан тарапы  "Shell" компаниясының оң тәжірибесі негізінде геология және жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тарту мәселесін көтерді.

Екі ел арасындағы кездесу конструктивті түрде өтіп, экология және су ресурстары саласы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.