ССАС климат және таза ауа коалициясының министрлер конференциясы

ССАС климат және таза ауа коалициясының министрлер конференциясы

Дубай қаласындағы COP28 алаңында Қазақстан Республикасы  Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев ССАС климат және таза ауа коалициясының министрлер конференциясына қатысты.

Бұл Конференция жыл сайынғы іс-шара болып табылады, онда CCAC серіктестері ең жоғары деңгейде жиналады. «Климат және таза ауа» коалициясы климаттың өзгеруі мен ауаның ластануы жағдайында елдерді біріктірудің маңызды платформасын ұсынады.

Биылғы Министрлер кездесуінің мақсаты-климаттың жылдам әрекеті және оларға жету үшін қажетті қаржыландыру үшін аса ластаушы заттарға қарсы шешімдер туралы стратегиялық пікірталас өткізу.

Қазақстан осы коалицияның мүшесі бола отырып, ұлттық деңгейде айқындалатын келесі салымдарды әзірлеу үшін, сондай-ақ метан шығарындыларын азайтуды талдау үшін техникалық көмек күтеді.