Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс қайта жаңартылады – М. Мырзағалиев

Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс қайта жаңартылады – М. Мырзағалиев

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын ұсынды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмасына және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің 2020 жылы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы әзірленді.

М. Мырзағалиев хабарлағандай, елдің жыл сайынғы жер үсті су қоры 100 км3-ден сәл асады, оның 46 км3-ден астамы Қазақстанның су қоры елден тыс жерде қалыптасады. Жер асты суларының барланған қоры – жылына 15 км3.

«100 км3-ден 50 км3 экологиялық теңгерімді сақтау үшін қажет. Экономикада шамамен 24 км3, атап айтқанда, шамамен 16 км3 — ауыл шаруашылығында, шамамен 7 км3 — өнеркәсіпте, ал 1 км3 — шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылады», — деп хабарлады министр.

Әлемдік ресурстар институтының деректері бойынша Орталық Азия өңірінің елдері су күйзелісінің жоғары деңгейіне жатады, бұл ретте Қазақстан Республикасы орта-жоғары деңгейге жатады.

Сумен қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін 3 блокқа бөлуге болады:

  1. Ел халқы үшін:

- сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

- вегетациялық кезеңде, әсіресе оңтүстік өңірлерде суармалы судың жеткіліксіздігі.

  1. Қоршаған орта үшін:

- сапасыз қоршаған орта (Арал, Балқаш, Орал);

- экологиялық жағдайдың шектес мемлекеттердің су саясатына тәуелділігі (ОА, ҚХР, РФ);

- су ресурстарын пайдалану нәтижесінде су объектілерінің сарқылуы.

  1. Ел экономикасы үшін:

- су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы;

- су тасқыны мен сусыздықтан жеткіліксіз қорғалуы;

- өнеркәсіптегі айналым суының төмен көлемі (тазалау мақсатында рециркуляция).

Арналардың тозуы 80%-ға дейін, оның ішінде 18 мың км-ден астамы жөндеуді қажет етеді.

«Ескірген инфрақұрылым және осыған байланысты үлкен шығындар, сапалы су тапшылығы, тариф құрудың әлсіз тетігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, шектес мемлекеттермен су бөлу мәселелері – бұл су саласының ағымдағы жай-күйінің аса өткір проблемалары. Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу өте қажет. Бұл мәселе бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары бар», - деді М. Мырзағалиев.

Бағдарлама жобасының мақсаты елдің орнықты дамуы үшін су ресурстарымен кепілді қамтамасыз ету, су объектілерін халық пен экономика үшін экологиялық қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жағдайға дейін сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

Бүгінгі күні алдын ала 7 нақты мақсатты индикатор анықталды:

  1. Бағдарламаның мақсаты 2030 жылға қарай қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту есебінен 100 км деңгейінде су балансын сақтау болып табылады: 5-7 км жаңа су қоймаларын салу, 5 км дейін су үнемдеу, 15 км дейін жер асты суларын пайдалану.
  2. ЖІӨ бірлігіне суды тұтынудың $91,2-ден $73 м/дейін төмендеуі.
  3. 26 жаңа гидротехникалық құрылыс салу.
  4. 182 республикалық, 300 коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту.
  5. Суармалы жерлерді 1,7-ден 3 млн га-ға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелерді салу; қапталған магистральды және тарату арналарының ұзақтығын 3,423-ден 19,000 км-ге дейін ұлғайту.
  6. Бассейндік инспекцияларды материалдық-техникалық жарақтандыруды 100% қамтамасыз етуге дейін жақсарту.
  7. Су жинау алқаптарының ормандылығын 1-ден 200 мың га-ға дейін арттыру.

Соңында М. Мырзағалиев тұжырымдама ғалымдардың, жұртшылықтың, су шаруашылығы мамандарының қатысуымен әзірленіп, талқыланғанын тілге тиек етті.