"Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі заңнама" тақырыбындағы тренинг

"Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі заңнама" тақырыбындағы тренинг

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Астана қаласында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі заңнаманы түсіндіру бойынша тренинг өткізді.

Қолданыстағы климаттық өзгерістер мен күтілетін салдарлар климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын әзірлеуді және іс жүзінде жүзеге асыруды талап етеді.

Аталған тренингтің мақсаты - орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі заңнамамен, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру үшін қажетті базалық дағдылармен таныстыру.

Тренингке 29 адам қатысты.