
Аталмыш құстардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен Халықаралық жек-дуадақтарды қорғау коғамы бірлесіп Жетісу облысына 800 дарақ, Түркістан облысына 504 дарақ және Маңғыстау облысына 1344 дарақ құстарды мекен ету ортасына жіберді.
Айта кету керек, жек-дуадақтар ұзақ өмір сүретін құстардың қатарында. Кейбір дарақтардың жасы 25-ке дейін жетуі мүмкін.