Экология министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Экология министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде видеоконференцбайланыс режимінде басшылардың қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін дербес жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Министрліктің басшылығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, комитет төрағалары мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Айта кету керек, Министрлік мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және жетілдіру, мемлекеттік бақылауды жетілдіру, оны өткізу үшін жауапкершілікті күшейту, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау және басқа да іс-шараларды қамтитын 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Сондай-ақ, өткен жылы «Адал алаңы» жобасының Жарғысы бекітіліп, оны құру туралы Меморандумға қол қойылды. Қараша айында «Адалдық алаңы» жобасы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының алаңында іске қосылды. Жобаны «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы А.С. Соловьева басқарды.

Дегенмен, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының жекелеген фактілері бар, бұл бағынысты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.

«Барлық анықталған тәуекелдерді толық жою, сондай-ақ салаларды цифрландыру, рұқсат беру рәсімдерін жетілдіру мен автоматтандыруды, әкімшілік кедергілерді азайтуды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау тәсілдерін қайта қарау қажет деп санаймын» - деп атап өтті ведомство басшысы М. Мырзағалиев өз сөзінде.

Сыртқы талдаулардың нәтижелері және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар ерекше бақылауға алынды, Комитеттер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспарлар әзірледі.

«Бүгінгі кеңестің нәтижелері Министрліктің жұмысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен жою бойынша шараларды іске асыру бөлігінде оң әсер ететініне сенімдімін», - деп сөзін қорытындылаған Министр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.