
2023 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 13, 2 қабат, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.
09.00 - 10.00 - азаматтарды жеке қабылдау;
10.00 - 10.30 - бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг;
10.30 - 12.30 - коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің «Facebook», әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(701)100-44-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды сұраймыз.