Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

2023 жылғы 19 мамырда сағ. 14.30-да Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменованың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Риддер қаласында, Победа көшесі, 10 өтеді.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(708)132-78-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8(708)132-78-66 арқылы хабарласуды сұраймыз.

#халықпенкездесу