
Бүгін елордада экологиялық айлық басталып, оның аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Қала аумағын қоқыстан тазартуға Экология министрлігінің және ведомстволық бағынысты органдардың 150-ге жуық қызметкерлері қатысты.
Көктемгі күндердің басталуы күшейтілген эко акциялардың өткізілуін білдіреді.
Мақсат - қоршаған ортаның ластану мәселесіне тұрғындардың назарын аудару.
Сенбіліктерді өткізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.