
2023 жылғы 29 сәуірде Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменованың Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Ақмола облысы Степногорск қаласында өтеді.
Кездесу өтетін уақытты мен орыны қосымша хабарланатын болады.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ақмола облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(708)132-78-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8(708)132-78-66 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Жеке қабылдауға жазылу 2023 жылдың 26 сәуірге дейін жүргізіледі.
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.