
2023 жылғы 14 сәуірде сағ. 14.30-да Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиевтің Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің мекен жайы - Петропавл қаласы, Қ. Кеншінбаев көшесі, 22 «Жастар сарайы».
Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында онлайн-көрсетілім тікелей эфирде өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар WhatsApp нөміріне: 8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708) 132 78 66 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.