Геолог күнімен!

Геолог күнімен!

Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді Геолог күні кәсіптік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің өмірімізде әрдайым маңызды оқиға және солай болып қала бермек.

Геологтардың жұмысы Қазақстанның минералды-шикізаттық және энергетикалық қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Өз білімдерін жас ұрпаққа беріп қана қоймай, жоғары кәсіптік, сонымен қатар ең жақсы жетістіктерге ие болған геология ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіріп, құттықтаймын. Геологтардың алдында жаңа белестер мен міндеттер тұр, оларды шешу үшін көптеген кәсіби геологтардың жинақталған білімі мен тәжірибесін қолдануды талап етеді.

Әріптестер, достар! Сіздерге зор денсаулық, табандылық пен таусылмас шабыт, мықты күш, жаңа ашылулар мен жеке бақыт қуаныштарының шексіз жолдарын тілеймін!

Ізгі ниетпен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы А. Надырбаев