
2023 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу өтетін уақыты мен орыны қосымша хабарланатын болады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында онлайн-көрсетілім тікелей эфирде өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар WhatsApp нөміріне: 8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708) 132 78 66 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.