
Ақпан мен наурыз айлары аралығында аумақтық экология департаменттері жаңадан сайланған эко амбассадорлармен, қоғамдық ұйымдармен, экоактивистермен және волонтерлермен кездесулер өткізді.
Экологиялық слеттің ең басты міндеті – қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау, экологияның проблемалық мәселелеріне назар аудару және барлық тұрғындарды табиғатты қорғау қызметіне тарту.
Іс-шара аясында экоактивистер мен қоғамдық ұйымдардың іске асырылып жатқан жобалары талқыланып, Министрлік әзірлеген Жол картасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді, оған экологиялық саналы қоғам құруға, қалдықтарды тұтыну мен түзуді қысқарту әдістеріне, тұрмыстық қоқыстарды сұрыптаудың маңыздылығына және тағы басқа көптеген іс-шаралар қарастырылды.
Министрлік аумақтық органдармен, амбассадорлармен, экоактивистермен және волонтерлермен бірлесіп жыл бойы аумақтарды тазалау және оларды көгалдандыру бойынша экологиялық сағаттар, конкурстар, флешмобтар және т.б. іс-шаралар өткізеді.
Мектептерде қалдықтарды бөлек жинау, су және энергия үнемдеу бойынша экологиялық сағаттар, ағаш тұқымдарын отырғызу, күтумен және олардың өсуін бақылау тақырыптары бойынша тренингтер өтеді.
Жыл бойы тұрғындарды, сондай-ақ бизнес қауымдастықты тарта отырып, түрлі байқаулар мен флешмобтар ұйымдастырылады. Бұл «Жасыл офис 2020», балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында жыл сайынғы сурет байқауы, «ЭкоLife Challenge», «Я Эко-волонтер», «Пакет? Жоқ, рахмет!» және басқалар.
Осы жылдың басты шарасы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған Қазақстанның «World clean up day» Дүниежүзілік акциясына қосылуы болады.
Еліміздің Президенті жариялаған "еріктілер жылы" аясында өткізілетін «Вirgemiz: Taza Álem/Taza Qazaqstan» жалпыұлттық жобасын өткізу еліміздің барлық аймақтарында бірыңғай форматта ұйымдастырылуы тиіс. Дәл осы мақсатта біз бүкіл республика бойынша экологиялық бастамаларды ілгерілетуде бүкіл республиканы біріктіргіміз келеді.
Экоактивистердің бірі атап өткендей, халықаралық мәліметтерге сәйкес халықтың экологиялық санасының өзгеруі үшін тұрғындардың тек 5% ғана экологиялық қызметке қосу қажет. Оның түпкі мақсаты – халықтың көп бөлігін тарта отырып, экологиялық мәдениетті өзгерту.