Аумақтық экология департаменттері халықпен кездесті

Аумақтық экология департаменттері халықпен кездесті

Аумақтық экология департаменттерінің табысты жұмысының аса маңызды аспектісі қызметтің ашықтығы, департаменттер жұмысы бойынша халықтан жауап реакциясын алу және өңірлерде экологиялық проблемаларды шешу болып табылады. Дәл осы мақсатта, аумақтық экология департаменттері халық алдында кездесулер өткізуде, аймақтық экологиялық проблемалар талқыланып және 2019 жылғы жұмыс қорытындылары жеткізілді.

Жекеленген экология департаменттері Орталық коммуникациялар қызметінің алаңдарында есептік кездесулер өткізді.

Халықпен кездесу, мемлекеттік органмен халық арасында диалог құру, туындаған мәселелерді бірлесіп талқылаудың және экологиялық проблемаларды жедел шешудің тиімді нысаны болып табылады.

Жалпы республика бойынша кездесулерге 300-ден астам адам қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның жай- күйі, Шығыс Қазақстан облысындағы Көк шығанаққа сарқынды суларды ағызу, Маңғыстау облысындағы апатты үйінділерді жою және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Алматы қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Қ.Е.Байеділов Алматы ЖЭО-1 газға толық көшіру жолымен атмосфералық ауаға шығарындыларды қысқарту, ЖЭО-2 99,5% - ға дейін тазалау дәрежесі бар жаңа буынды эмульгатор орнату, күл ұстау дәрежесі 99,2% - ға дейін Шаң ұстағыш тазарту құрылғыларын орнату, жеке секторды газдандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Бұқтырма су қоймасына, демалыс үйінің ағынды суларды заңсыз төгу және ұйымның қызметін тоқтату жағдайы туралы түсініктеме берді.

Жалпы, комитет пен аумақтық экология департаменттері 5 мыңнан астам экологиялық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесті, мысалы:

-NCOC, «Теңізшевройл» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниялары алауларда газды жағуға байланысты бұзушылықтар және басқалар;

- ірі компаниялар: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Эмбамұнайгаз» АҚ, «Қазақстан алюминий» АҚ және т.б. шығарындылар бойынша нормативтердің артуы.

Анықталған бұзушылықтардың салдарынан 5 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтіріліп, 7,7 млрд. теңгеден астам айыппұл салынды.

Аталмыш барлық бұзушылықтар жойылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру туралы ұйғарым берілді.

Мысалы, тексеру нәтижелері бойынша Атырау қаласындағы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС күкірт сутегімен ластануды болдырмау мәселесі шешілуде. Кәсіпорында 2020-2022 жылдар бойы тазарту құрылыстары толығымен жаңғыртылатын болады, сарқынды суларды ағызу коллекторы оқшауланады, ал "Тухлая балка" сарқынды суларды жинағыш компания мен әкімдіктің күшімен толығымен кәдеге жаратылатын болады.

Теміртау қаласында атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі «АрселорМиттал Теміртау» ЖШС компаниясы болып табылады. Ластанудың асып кету фактілері, табиғатты қорғау іс-шараларын орындамау және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты ұйғарым берілді. Бұдан басқа, компаниямен меморандум жасалып,  соның аясында кәсіпорынмен табиғатты қорғау іс-шаралары мен жобалары әзірленеді, технологиялық желілердің бір бөлігін газға ауыстыру және жабдықтарды жаңғырту жүргізіледі. Осы іс- шараларды іске асыру есебінен қоршаған ортаға эмиссиялар 30%-ға төмендетілетін болады.

Өскемен қаласында «Қазмырыш» ЖШС жаңғырту және қол жетімді технологияларға көшу есебінен шығарындылар көлемін 20%-ға қысқартады.

Сараптама сатысында суды қайта пайдалану есебінен төгінділердің көлемі республика бойынша 99,5 мың тоннаға қысқарды.

Мысалы, «Ақтөбемұнайгаз» СНПС Жаңажол газ өңдеу зауытында Газды өңдеу есебінен шығарындылар 9,5 мың тоннаға төмендетілді; Балқаш ЖЭО Шаң-газ тазарту жабдығын жаңғырту есебінен 901 тоннаға төмендетілді; Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. алауларда газды жағу көлемін азайту есебінен шығарындылар көлемін 977,5 тоннаға қысқартты.

Сондай-ақ, сараптама сатысында ірі компаниялардың қалдықтарды орналастыру көлемі 5,2 млн. тоннаға қысқарды.

«Казцинк» ЖШС және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жол құрылысы кезінде шлактарды қайта пайдалану және қайта өңдеу есебінен ТМТ-ны үйінділерге орналастыру көлемі тиісінше 111,5 мың тоннаға және 1,5 млн. тоннаға төмендеді.

Әрбір экология департаментінің алдына мониторингті талдау және қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша шаралар қабылдау: қалдықтарды азайту (қайта өңдеу және бөгде ұйымдарға беру есебінен), пайдаланылған карьерлер мен кен орындарын қалпына келтіру, су ресурстарын ұтымды пайдалану (айналымдық сумен жабдықтау есебінен тұтыну мен төгінділердің көлемін қысқарту), қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға бағытталған тиімді табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру міндеті қойылды.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мұндай кездесулерді департаменттер тұрақты негізде өткізетін болады.