Алматы қаласында кәдеге жаратылмаған медициналық қалдықтар табылды

Алматы қаласында кәдеге жаратылмаған медициналық қалдықтар табылды

Алматы қаласы бойынша экология департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен, Алатау ауданының әкімдігімен және "Табиғат" қоғамдық экопатрулінің белсенділерімен бірлесе "Эгида МО" ЖШС кәсіпорнының аумағына тексеру жүргізді.

Қаланың медициналық мекемелерінен жеткізілген медициналық қалдықтар табылды.

Аталған кәсіпорын "Веста Плюс" Пир - 1,0 К инсинераторында өртеу арқылы медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысады және микро-кәсіпкерлік санатына жатады.

Медициналық қалдықтарды қабылдау мемлекеттік сатып алу арқылы жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған.

Аталған фактіні зерделеу, қарастыру және шара қабылдау мақсатында Алматы қаласының мүдделі мемлекеттік органдарының ішінен жұмыс комиссиясы құрылды.

Министрлік "МО- Эгида" ЖШС-на жоспардан тыс тексеру тағайындау міселелерін қарастыруда.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық мекемелеріне келісім-шарт шеңберінде мердігерлердің қызметін бақылау және мүмкіндігінше адал қызмет жеткізушілерді таңдау қажеттігі туралы ақпарат жіберілді.