Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу

Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу

2022 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу өтетін уақыты мен орыны қосымша хабарланатын болады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында онлайн-көрсетілім тікелей эфирде өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар WhatsApp нөміріне: 8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708) 132 78 66 арқылы хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.

#халықпенкездесу