Экология министрлігінің қызметкерлері Пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік конференцияға қатысты

Экология министрлігінің қызметкерлері Пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік конференцияға қатысты

Ағымдағы жылғы 1-4 наурызда Торонто қаласында (Канада) кенөндіру саласы үшін әлемдегі алдыңғы қатарлы халықаралық оқиға саналатын PDAC пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік конференция өтті.

Конференция жұмысына 135 елден 25000 адам қатысты. Қазақстанның Экология министрлігі атынан Геология комитетінің орынбасары – Т.Б. Сатиев, «Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС бас директорының орынбасары – Қ.А. Іргебаев, «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасының оранбасары – Е.Б. Тағаш және т.б. қатысты.

Аталған іс-шара инвестициялық жобаларға қатысты әлемдік компаниялармен әріптестік құруға үлкен мүмкіндік туғызды.

Конференция барысында ірі тау-кен компанияларының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық бойынша шетелдік компаниялармен бірақатар меморандумдарға қол қойылды.