«Қазгидромет» РМК жаңа басшы тағайындалды

«Қазгидромет» РМК жаңа басшы тағайындалды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 наурыздағы бұйрығымен Дана Қизатқызы Алимбаева «Қазгидромет» РМК Бас директоры болып тағайындалды.

Д.Қ. Алимбаева 1977 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысында туған, «метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК жетекші техник-метеоролог лауазымынан бастады.

2003-2009 жылдары метеоролог инженері, 1-санатты метеоролог инженері, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының бастығы.

2011-2015 жылдары Метеорология департаментінің директоры.

2015-2017 жылдары «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаментінің директоры.

2017 жылдың 18 қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалғанын айта кету қажет. Алимбаева Д.Қ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның құрамына кіретін 192 елдің ішінде аталған ұйымды басқаратын нәзік жандардың екінші өкілі болып табылады.