«Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС Финляндияның геологиялық қызметімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС Финляндияның геологиялық қызметімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС атынан бас директордың орынбасары Қ.А.Іргебаев Қазақстан Республикасында геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор ретінде ағымдағы жылдың 1-4 наурызы аралығында Торонто қаласында (Канада) өткен «PDAC 2020» геологиялық конгресі аясында «Doing Business» рейтингі бойынша әлемдегі № 1 болып табылатын Финляндияның геологиялық қызметі атынан бас директоры Мики Нуканенамен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум әлемнің жетекші геологиялық қызметінің бірінен геологиялық ақпарат беруде халықаралық тәжірибе мен практикалық дағдыларды алуды көздейді.