Экология министрлігінің басшысы ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды

Экология министрлігінің басшысы ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды

Бүгін Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұжымға жаңадан тағайындалған вице-министр Серікқали Бірекешевті таныстырды. Бұрын ол "ҚазТрансГаз" АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген. С. Бірекешев министрліктің геология жəне халықаралық ынтымақтастық саласына жетекшілік етеді. Бұрын осы қызметте болған Санжар Жəркешов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Экология министрлігі басшысы М. Мырзағалиев оған министрлік қабырғасындағы атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, одан арғы табыстар тіледі. Министр, сондай-ақ, Санжар Жəркешовтың қысқа мерзім ішінде геологиялық барлау саласын дамыту процесіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Жуырда ғана Үкімет бастауында С. Жəркешов жұмыс істеген Қазақстанның геологиялық барлау саласын 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын қабылдады.

Ведомство басшысы С.Жаркешовке штаттан тыс кеңесші ретінде қослақы түрде жұмыс атқаруын ұсынды.