
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі өкілдері ТЖ органдары, əкімдіктермен бірге еліміздегі барлық гидротехникалық ғимараттарды су тасқыны кезеңі қарсаңында тексеріп шықты. Бұл туралы Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов хабарлады.
«Алдағы су тасқыны маусымына дайындалу мақсатында Су ресурстары комитеті инспекциясы ТЖ органдары өкілдерімен, жергілікті атқарушы орган жəне «Қазводхоз» РМК-мен бірге гидротехникалық ғимараттарды көзбен шолып, тексердік», - деді С.Громов үкіметтегі баспасөз конференциясында.
Оның деректері бойынша, инспекция қажетті іс-шараларды өткізу туралы ұйғарым мен ұсыным берген.
«Барлығы бақылауда ұсталуда. Тоғандарды шайып кету қатері əзірге байқалмайды», - деді вице-министр.
Министрлік қараусыз ГТ ғимараттарын айрықша бақылауға алған.
«2017 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар көп жұмыс істеді. Қараусыз құрылыс көлемі 49-дан 10-ға кеміді. Бірақ бұл жұмыстарды жалғастыра беру қажет», - деді ол.
Министрдің орынбасарының бағалауынша, айтылған қараусыз су қоймалары бүгінде қауіп төндірмейді.
«Су қоймаларының жұмыс режімін мониторингілеу тəулік бойы жасалады», - деді С. Громов.