
Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Жаркешов Министр М.М. Мырзағалиев пен Министрлік ұжымы атынан «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, қоғам қайраткері Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
С.Ж. Даукеев Қазақстан геологиясы, мұнай және тау-кен өнеркәсібінің қазіргі заман тарихындағы жарқын тұлғаларының бірі болып табылады. Ол – Оңтүстік Қазақстандағы «Амангелді» газ кен орнын алғаш ашушы.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ол Геология министрінің бірінші орынбасары, кейін 1993 жылдан 2000 жылға дейін — Геология министрі, ал Үкімет қайта құрылғаннан кейін — Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі ретінде Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың барлық жүйесін реформалау жөніндегі республика үкіметінің жұмысын басқарды.
Ол 1994 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын пайдалану саласындағы нарықтық экономикаға көшудің авторлық тұжырымдамасын әзірлей отырып, Қазақстан егемендігінің қалыптасуына белсенді қатысты, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілерін әзірлеуге, оның ішінде жер қойнауы және мұнай туралы заңдарды әзірлеуге үлкен үлес қосты.
Вице-министр С.Ж. Дәукеевке геология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, оның кәсібилігін, салаға адалдығын, белсенді азаматтық ұстанымын атап өтті. Мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық және ұзақ өмір тіледі.
«Сіз өмір жолыңызбен сала қызметкерлерінің жас буынына жұмысқа деген көзқарастың, жаңа білімге деген құштарлықтың үлгісін көрсетудесіз. Сізге бұл мерейтойда өзіңіздің мол тәжірибеңіз бен дағдыңызды, кәсібилігіңізді салаға беріп, үлгі көрсету арқылы айналаңызды қанаттандыра беріңіз деп тілек білдіруге рұқсат етіңіз!», - деп атап өтті С.С. Жаркешов құттықтау сөзінде.