Экология министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үздіктердің қатарында

Экология министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үздіктердің қатарында

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Жауапты хатшы С. Нұрлыбайдың төрағалығымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Жобалық кеңсесінің әкімшісі және «арнайы мониторингтік топ» қоғамдық қорының атқарушы директоры А.Р. Рахматуллин, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Е.Н. Абаканов, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Жобалық кеңсесінің басшысы А.С.Соловьева, Министрліктің аумақтық органдарының басшылары және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің филалдарының қызметін жандандыру, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасау, қоғамдық экологиялық мониторинг үшін интерактивті картаны пайдалану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады.

«Адалдық алаңы» жобасы Министрлік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесіне жұртшылықты тарту тетіктерінің бірі ретінде құрылған.

Өз сөзінде Жобалық кеңсесінің басшысы А.С. Соловьева Экология министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі табысты жұмыс істейтін алаңдардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Кеңес барысында Министрліктің Жауапты хатшысы С. Нұрлыбай аумақтық органдардың басшыларына өздеріне бағынысты қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған жазбаша міндеттемелер туралы еске салды.

«Өткен жылдың 26 қарашасында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері бойынша ҚР Заңы қабылданды, барлық мемлекеттік қызметшілердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу міндеті, сондай-ақ мемлекеттік органдар, олардың бөлімшелері, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі бекітілді», - деп атап өтті ол.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде интерактивті карта арқылы келіп түскен өтініштерді сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, қайталама өтініштердің санын азайту;

- аумақтық органдардың қызметіндегі проблемалық мәселелерді анықтау бойынша азаматтармен және бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту;

- «Адалдық алаңы» жобасы аясында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.