Қазақстан мен Қырғызстан су шаруашылығы мен энергетика мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді

Қазақстан мен Қырғызстан су шаруашылығы мен энергетика мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді

Қазақстанның Экология вице-министрі С. Громов Қырғыз Республикасының су шаруашылығы және энергетикалық ведомстволарының өкілдерімен өткен келіссөздерге қатысты.

Аталған кездесу ағымдағы жылдың 14 ақпанында Бішкекте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарлама шеңберінде өтті.

Тараптар екі ел арасындағы электр энергиясымен тауар алмасу мәселелерін және 2020 жылдың вегетациялық кезеңінде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Нарын каскадынан ГЭС-ке қосымша су жіберуді жүзеге асыру туралы келісті, бұл өз кезегінде біздің фермерлерге вегетациялық кезеңде жақсы суару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жылдың белгілі бір кезеңдерінде қос тарап үшін тиімді екі ел арасында электр энергиясын жеткізу мәселелері қаралды.

Қабылданған шаралар оңтүстік өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.