
9 қарашада вице-министр З.Сүлейменова Орталық Азия субөңірлік кеңсесінің басшысы Айдай Құрманова ханыммен, ЮНЕП экономикалық бөлімінің тұрақты мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестірушісі Фарид Якер мырзамен, Орталық Азиядағы ЮНЕП PAGE бағдарламасының өкілі Мәдина Ибрашева ханыммен және Орталық Азия ЮНЕП субөңірлік кеңсесінің Ұлттық үйлестірушісі Анна Бурлуцкая ханыммен кездесті.
Кездесу барысында тұрақты мемлекеттік сатып алуды енгізу бойынша семинар-тренингтің нәтижелері, сондай-ақ ЖЭҚ-8 шеңберінде қалдықтарды басқару және Орнықты даму жөнінде мемлекетаралық комиссияның жұмысы тақырыбындағы ынтымақтастық бойынша мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында тараптар мемлекеттік сатып алу және ЖЭҚ-8 шеңберінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.