Лаостағы гидрология жөніндегі кеңес

Лаостағы гидрология жөніндегі кеңес

Лаос Демократиялық Республикасының Вьентьян қаласында 2022 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) II Өңірлік қауымдастығы елдерінің (Азия) гидрологиясы жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысы өтті.

Сонымен қатар, отырыс шеңберінде Азия өңірі елдеріне, оның ішінде Орталық Азия субөңіріне HydroSOS жүйесін енгізу тақырыбында семинар өтті.

Қазақстанның тарапынан іс-шараларға «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары, ДМҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің гидрология жөніндегі кеңесшісі Серік Саиров қатысты.

HydroSOS жүйесі - су объектілерінің гидрологиялық жай-күйін бағалау мен болжаудың жаһандық мониторинг жүйесі. HydroSOS жүйесі гидрологиялық мониторингке, деректермен алмасуға және метеорологиялық болжауға қатысты ДМҰ-ның қолданыстағы және жоспарланып отырған бастамаларына негізделеді. Жалпы, HydroSOS жүйесі гидрометеорологиялық қызметтер мен халық үшін өзекті гидрологиялық ақпарат ұсынатын бірегей оперативті жүйені құруға бағытталған.