Наурызым қорығына жұмыс сапары өтті

Наурызым қорығына жұмыс сапары өтті

27 қазанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Ә.Л., Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы  Қылышбаев Н.Н., Қостанай облысы аумақтық инспекция басшысы Қаркенов Р.Х. «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-не іс-сапармен барды.

Бірінші кезекте Қарамеңді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді, онда ерекше қорғалатын аумақ төңірегіндегі сұрақтар талқыланды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Наурызым қорығында 64 қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс тобы ұжыммен танысып, кездесу барысында мекеме директоры Қойлыбаев Д.Ғ. қорықтың тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар, жұмыс тобы «Бұлақ соқпағы», «Наурызым қарағайлы орманы» туристік маршруттарын аралады.

Іс-сапар соңында қазіргі таңда қорықтың жұмысын ұйымдастырудағы алдағы мәселелер талқыланды.