Экология министрі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесу өткізді

Экология министрі Қоғамдық  кеңестің жаңа құрамымен кездесу өткізді

Экология министрі Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесу өткізіп, Министрлік қызметінің бағыттары бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Естеріңізге сала кетсек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы жылдың тамыз айының соңында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды, оған еліміздің 8 өңірінен 25 адам кірді.

Кездесу барысында қатысушылар неғұрлым ластанған қалалардың ластаушы заттар шығарындыларын азайту, экологиялық мониторинг жүргізуді жетілдіру, биоалуантүрлілікті сақтау және қалпына келтіру, геологиялық саланы дамыту және т.б. мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, атмосфералық ауаның ластануын азайту бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру кезінде ластаушы кәсіпорындардағы нақты техникалық іс-шараларға қатысты ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, еліміздегі суды үнемдеу мәселелері айтылды. Қоғамдық кеңестің Геология және су ресурстары жөніндегі комиссиясының төрағасы Б.Бекнияз суды үнемдеу және геотермалдық суларды пайдалану жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар айтты.

Қоғамдық кеңестің көптеген мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмысты жеделдету қажеттігін алға тартты.

Министр С.А. Брекешев Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары мен ескертулерін қолдады, тиісті тапсырмалар берілді, әсіресе экология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында Министр Қоғамдық кеңес мүшелеріне алғысын білдіріп, мұндай кездесулер мерзімді негізде өтетінін және бүгін көтерілген барлық мәселелер мен проблемалар Министрліктің қызметінде көрініс табатынын тілге тиек етті.