Экология министрі С.Брекешев Киров-Шежін каналының жұмысымен танысты

Экология министрі С.Брекешев Киров-Шежін каналының жұмысымен танысты

Құрылысы былтырғы жылдың қазан айында басталған БҚО-дағы Киров-Шежін каналының жұмысы биыл толық бітуге таяу, жуыр уақытта пайдалануға беріледі.

30 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес, батыс өңіріне жұртшылықпен кездесуге келген Экология министрі канал жұмысының құрылысымен танысты. 

Былтыр бұл объектіге 7 бірлік техника және 10 адамнан тұратын жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Су қабылдағыш бойынша дайындық жұмыстары 80% - ға, бөгеттің еңісін бекіту бойынша 80% - ға, пайдалану жолымен біріктірілген бөгетті жөндеу бойынша және кюветті толтыру бойынша 35% - ға дайындық жұмыстары жүргізілген.

Құрылыс басындағы жағдаймен толық танысып, атқарылған шаруалардың есебін тыңдаған министр оң бағасын беріп, өз бақылауында ұстайтынын айтты.