Қоқысты сұрыптау: Экология министрлігінің басым міндеттерінің бірі

Қоқысты сұрыптау: Экология министрлігінің басым міндеттерінің бірі

2022 жылғы 29 қыркүйекте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова «Астана Эко-Полигон» ЖШС, «Astana Recycling Plant» ЖШС, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушыларға кәсіпорындардың өндірістік техникалық базасы және қызметкерлердің жұмыс жағдайлары көрсетілді. Келіссөздер барысында саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Вице-министр Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесін жолға қою және жетілдіру бойынша Министрліктің жүргізіп жатқан шаралары мен жұмыстары туралы айтып берді.