Үкіметте су саласының материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды

Үкіметте су саласының материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында Су ресурстары комитетінің және оның бассейндік инспекцияларының кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселелері қаралды. 

Талқылауға Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы өкілі Әмірхан Кеншімов қатысты. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің хабарлауынша, елдің су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін Су ресурстары комитетінің ұйымдық құрылымын қайта қарау және күшейту, сондай-ақ аумақтық бассейндік инспекцияларды айтарлықтай нығайту ұсынылып отыр. 

Премьер-Министр тиісті бөлімшелерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл ретте ол Экология министрлігіне кадр саясатына қатысты ұсынылып отырған шараларға қосымша талдау жүргізуді тапсырды. 

https://primeminister.kz/kz/news/ukimette-su-salasynyn-materialdyk-tehnikalyk-zhane-kadrlyk-aleuetin-nygaytu-maseleleri-talkylandy-2983259