Экология министрінің Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелерімен кездесуі

Экология министрінің Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелерімен кездесуі

Экология министрі Серікқали Брекешев пен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері елдегі экологиялық жағдай мен оны жақсарту жөніндегі шараларды талқылады.

Ведомство басшысы министрлік қызметінің негізгі бағыттары, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру, Жол карталары шеңберінде өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, министрлік экобілім және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Біз жұртшылықты қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа экомәдениетке баулуымыз керек. Халық арасында энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға жауапты әрі үнемді қатынасты, тұрмыстық қоқысты одан әрі өңдеу үшін оны бөлек жинау әдетін қалыптастыру қажет»,- деді С.Брекешев.

Кездесу барысында Министр Жастар кеңесі мүшелерінің экологияны жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жобаларға жастар ұйымдарының қатысуы, жақында болған орман өрттерінен кейін орманды қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік инспекторлардың мәртебесін арттыру мәселелері сияқты сауалдарына жауап берді.

Кездесу соңында министр: «Біз барлық мүдделі тараптарды біздің жұмысымызға қосылуға шақырамыз, өйткені мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірлескен күш-жігерімен ғана қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға қол жеткізе аламыз деп санаймын! Сіздер өз біліміңіз бен энергияңызды қойылған міндеттерді іске асыруда және аталған тәуекелдерді еңсеруде бізге көмек көрсету үшін қолдана аласыз деп ойлаймын», - деп түйіндеді.