
Кездесуге «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты республика бойынша волонтерлік жобаларды үйлестіру мен қоғамдық мониторингілеу болып табылатын «Birgemiz» фронт-кеңсесінің Мемлекет басшысымен ашылған күні өткендігін атап өту маңызды.
Өз сөзінде А.Пірімқұлов әр өңірде эко амбассадорлардың анықталғанын, оларға экологиялық жобаларды таныстыру мен алға жылжыту жауапты миссиясы жүктелгенін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ «Бірге таза Қазақстан» аумақты қоқыстан тазарту республикалық акциясы, ағаш отырғызу республикалық акциясы, республикалық экологиялық сағаты мен республикалық конкурстар сияқты іске асырылған экологиялық жобалар туралы да айтты.
Кездесу барысында қатысушылар эко жобаларды іске асыруды қолдап, құнды ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Қазақстанда экологиялық волонтерліктің рөлі мен оны дамыту тетіктерін алға тартты. Балалар мен жастарды экологиялық тәрбиелеу мәселесіне аса мән берілді.